«Баварияның» шабуылшысы Роберт Левандовски жазда «Барселонаға» ауысуы мүмкін. Бұл туралы sport.interia.pl басылымы хабарлады.

Левандовскидің неміс командасымен келісімшарты 2023 жылға дейін жарамды болғанына қарамастан ол «Барселонамен» үш жылдық келісімшарт бойынша келісімге келген.

Бұған дейін Левандовски «Барселонадан» бөлек ПСЖ, «Манчестер Сити» және «Ливерпульмен» келіссөз жүргізген еді.

Еске салайық, Роберт Левандовски «Бавария» сапында 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Transfermarket сайты Польша құрамасының шабуылшысын 50 миллион еуроға бағалап отыр.