Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үздік үштікте Новак Джокович, Даниил Медведев және Александр Зверев.

Қазақстандық Александр Бублик 36-орынға көтерілді. Кукушкин екі сатыға төмендеп, 162-орында. Дмитрий Попко төрт сатыға төмендеп, 173-орынға жайғасты. Тимофей Скатов әзірге 193-орында тұр.

Жұптық рейтингте Джо Сэлсбери (Ұлыбритания), Раджив Рам (АҚШ) және Мате Павич (Хорватия) көш бастап тұр.

Андрей Голубев 24-орнын сақтап қалды, Александр Недовесов пен Бублик бір сатыға төмендеп, 63 және 68-орындарға жайғасты.