«Ақсу» шабуылшысы Мирас Тұрлыбек ҚПЛ-дың 5-туры аясында өткен «Ақтөбеге» қарсы матч (1:2) туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

- жеңіліп қалғанымыз өкінішті болды. Бірінші таймды жақсы өткіздік, қарсылас қақпасына көп шабуыл жасадық, өкінішке орай, мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық, ал қарсылас бізді кешірмеді.

Жанкүйерлерден кешірім сұрағым келеді. Бізді қолдауға келгендеріңізге рақмет. Сіздердің қолдауларыңыз керемет болды, бізге қосымша күш сыйлады, - деді ол клубтың баспасөз қызметіне.