Азияның бокс картасында" соңғы айларда оқиғалар айтарлықтай өзгерістер орын алуда. Бұл жағдайда біздің мамандардың халықаралық тәжірибелері мен әлемдік беделінің арқасында ASBC маңызды лауазымдарына сайланатыны көңіл қуантады.Бір ай бұрын, яғни 12 наурызда Азиз Қожамбетов бокстан Азия конфедерациясы директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. (кезектен тыс конгресс, Амман, Иордания) Естеріңізге сала кетейік, дәл осы аталған кеңесте таиландтық Пичай Чунхаваджира мырза Президент болып сайланды. Ол Өзбекстан өкілі Сәкен Полатов мырзадан 7 дауыс айырмашылығымен жеңіске жеткен болатын. (18-11)Қазақстанға келгеннен кейін, 17 наурызда сол кездегі ҚБФ Президентінің кеңесшісі қызметін атқарған Азиз Есентайұлы Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры болып тағайындалды. (Маратбек Мықтыбеков "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК басшысы лауазымына тағайындалды).Ал Пхукет (Таиланд) аралында өткен ASBC Директорлар сәуір айындағы кеңесінде Азиз Қожамбетов бокстан Азия конфедерациясының вице-президенті болып сайланды!Жарғыға сәйкес, ASBC-де тек бір ғана вице-президент болуы тиіс. Бұл қызмет орнына сайланатын өкіл Директорлар кеңесінің мүшелерінен қаралып, президент секілді төрт жылға сайланады. Президент орнында болмаған жағдайда, Вице-президент ASBC басшысы ретінде қызметін атқарады. Ол президент, вице-президент және директорлар кеңесінің үш мүшесінен құралған ұйымның кеңесіне автоматты түрде мүше болады.Вице-президент лауазымына Азиз Қожамбетовтен басқа тағы 5 кандидат ұсынылды. Олардың үшеуі (Шри-Ланкадан Диан Гомес, БАӘ-ден Омар Салех және Ираннан Хусейн Сури өз кандидатураларын алды сайлауды Азиз Қожамбетовтың пайдасына беруді шешті). Кувейттік Аднан Али өз кандидатурасын қайтарып алу туралы шешім қабылдағандықтан сайлау Азиз Қожамбетов пен Ирактық Али Таклиф арасында өтті. Жеті дауыс Азиз Қожамбетовке және екі дауыс Ирак функционеріне берілді.Қазақстан бокс федерациясы және барша бокс қауымдастығы атынан Азиз Қожахметовты жаңа қызыметімен шын жүректен құттықтаймыз. Азиз Есентайұлына зор денсаулық, жарқын жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейміз.Біздің мамандарымыздың мұндай жауапты лауазымдарға тағайындалуы Қазақстан боксының әрі қарай дамып, Азия және әлемде кеңінен насихатталуына ықпал етеді деген ойдамын.