«Тобылдың» ойыншысы Айбар Жақсылықов«Ордабасыға» қарсы матч туралы пікірін айтты.

– Біз бұл ойынға риза емеспіз. Қаншама мүмкіндіктерді іске асыра алмадық, кейін матчты талдаймыз, бапкерлер қателіктерімізді көрсетеді.Өкінішке қарай, бірінші таймда Александр алаңнан қуылды. Бұл біздің ойынды қиындатып жіберді. Осылайша, біз бапкердің тапсырмасын орындай алмадық. Енді тек алға қарай жылжимыз және біз оған барынша күш саламыз. Жанкүйерлерден кешегі ойын үшін кешірім сұраймыз.