Қазақстандық боксшы, WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) жапондық Риота Муратаны жеңгеннен кейін жанкүйерлеріне мәлімдеме жасады.

«Өткен түн жайлы. Жапония халқына алғыс айтқым келеді. Есте қалар керемет бокс кеші үшін және қонақжайлылық үшін. Аренадағы барлық жанкүйерлерге және трансляцияны тамашалаған көрермендерге рақмет. Шоу жалғасады», – деп жазды GGG әлеуметтік желісіндегі парақшасында