Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) салмақ дәрежесі ескерілмейтін (pound-for-pound) барлық боксшылар арасында BoxRec рейтингінде бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Головкиннің еншісінде 698,6 ұпай бар. Екінші орында мексикалық Сауль «Канело» Альварес (57-1-2, 39 КО), оның қазіргі рейтингі 687,4 ұпай. Әлемдегі ең үздік боксшылардың үштігін америкалық Теренс Кроуфорд (38-0, 29 КО) түйіндеді- 524,0 ұпай.

Риота Муратаны техникалық нокаутпен жеңгеннен кейін Головкин орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO чемпиондық белбеулерін еншіледі.