CompuBox компьютерлік жүйесі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен жапониялық Риота Мурата (16-3, 13 КО) арасындағы жекпе-жектің соққылар статистикасын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Головкин Муратаны тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Ал оған дейін соққылардың жалпы саны Головкиннің пайдасына 257-144 болған. GGG тоғыз раундтың бәрінде қарсыласына қарағанда көп соққы жасады. Мурата денеге жиі соққы жасады — 46-23, ал Головкиннің джеб соққылары тиімді болды — 107-22. Қуатты соққылар бойынша да отандасымыз алды тұрды — 150-122. Айта кетерлігі, Головкин алтыншы раундтан кейін қарқынын үдетті: алтыншы раундтан тоғызыншы раундқа дейін соққы статистикасы 122-46 болды (әрине отандасымыздың пайдасына).

Golovkin out landed Murara, 122-46 from round 6 to the stoppage. Took a beating early on and got stronger. Dude is a freak #GGGMurata pic.twitter.com/rSHqxZtM6m

— Dan Canobbio (@DanCanobbio) April 9, 2022