Хоккейден Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңінің жартылай финалында «Сарыарқа» мен «Номад» арасындағы алтыншы кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында қарағандылық команда 4:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қарағандылықтар сериядағы төртінші жеңісіне қол жеткізіп, финалға жолдама алды.

«Номад» — «Сарыарқа» 0:4 (0:1, 0:2, 0:1)

0:1 — 16:59 Голоднюк (Аноховский, Барбашев). 0:2 — 20:26 Федоров (Голоднюк). 0:3 — 36:23 Рахманов (Сиксна, Аноховский). 0:4 — 57:05 Яковлев (Кунишников, Ширяев).

Қақпашылар: Бояркин — Шутов.

Сериядағы есеп: 2:4