Қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуров отандасы Геннадий Головкиннің жеңісіне сенімді.
- Головкин алғашқы жекпе-жекте Канелоны жеңдім деп санаймын. Оған статистика дәлел. Сауль Альварес жеңіс сөзін сөйлегенде бүкіл зал наразылығын білдірді.
Олардың айқасында есеп 2-0. Үшінші айқас бола ма, білмеймін. Бірақ Triple G 39 жасында әлі бабында. Оның жасы келсе де ол физикалық тұрғыдан қартаймады. Ол Муратаны сенімді жеңуі керек, - деді Нұрлан Сабуров.
Комментарии