Сенбі, 9 сәуірде қазақстандық боксшылар Пхукетте (Таиланд) өтіп жатқан Thailand Open-2022 халықаралық турнирінде финалдық жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалдың тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де басталады.

Қазақстан ерлер құрамасы сапында бес боксшы: Серік Теміржанов (57 келіге дейін), Сұлтан Мусинов (63 келі), Асланбек Шымбергенов (69 келі), Нұрбек Оралбай (81 келі) және Айбек Оралбай (ауыр салмақ) «алтынды» сарапқа салады. 91 кг дейін). Оның үшеуі жергілікті спортшылармен күш сынаса, тағы екеуі Филиппин мен Үндістан боксшыларымен кездеседі.

57 кг. Серік Теміржанов — Ян Кларк Баутиста (Филиппин)63 кг. Сұлтан Мусинов - Сомчай Вонгсуван (Тайланд)69 кг. Асланбек Шымбергенов — Бунджонг Синсири (Таиланд)81 кг. Нұрбек Оралбай - Ашиш Кумар (Үндістан)91 кг. Айбек Оралбай - Яккапонг Йомхот (Тайланд).