«Қайрат» футбол клубы «Қайрат-Мәскеу» сапында доп тепкен шабуылшы Айбар Абдулламен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Айбар «Қайратқа» 2022 жылдың соңына дейін жалға беріледі.

Абдулла «Қайрат» футбол клубының түлегі. Былтырғы маусымда ол «Қайрат-Мәскеу» сапында 21 матчқа қатысып, 4 жыл гол соқты.

Туған күні: 22 қаңтар 2002 жБойы: 176 смСалмағы: 69 кгПозициясы: шабуылшыАзаматтығы: Қазақстан