69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов Пхукеттегі (Таиланд) халықаралық турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда қазақстандық боксшы таиландтық Атичай Фомсапмен кездесті. Екінші раундта Шымбергенов қарсыласын нокаутқа түсірді.