Пхукетте (Таиланд) өтіп жатқан халықаралық Thailand Open International 2022 турнирінің жартылай финалында ауыр салмақтағы (91 келіге дейін) қазақстандық екі боксшы – Сағындық Тоғамбай мен Айбек Оралбай кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кездесуде Айбек Оралбай 4:1 есебімен жеңіске жетті. Енді ол индонезиялық Сандьярто Дено Фероджь пен таиландтық Джаккапонг Йомхот жекпе-жегінің жеңімпазымен алтын медальді сарапқа салады.

Ал Сағындық Тоғамбай Пхукеттегі турнирдің қола жүлдегері атанды.