Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Кәрім Бензема Чемпиондар лигасының ширек финалдық кезеңіндегі алғашқы матчтардың үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чемпиондар лигасындағы аптаның үздік ойыншысын анықтауды УЕФА-ның ресми сайты жанкүйерлер арасында өткізді.

«Реал» Лондонда «Челсиді» 3:1 есебімен жеңді. Мадридтік команда соққан үш голдың авторы франциялық шабуылшы атанды.

Аптаның үздік ойыншысы атағына Бенземадан басқа «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Кевин Де Брейне, «Ливерпульдің» вингері Луис Диас және «Вильярреалдың» хавбегі Джовани Ло Чельсо үміткер болды.

Бенземаның 21-минутта «Челсиге» қарсы баспен соққан бірінші голы Чемпиондар лигасындағы аптаның ең үздік голы атанды.