Павлодарда үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының командалық жарысы бойынша финалистері мен қола жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Olymic.kz.

Ерлер

Қола. Батыс Қазақстан облысы - Айдос Кенжеғұлов, Санжар Жұбанов, Дастан Кенжеғұлов, Нұрдәулет Нугай, Дамир Мэлсов.

Қола. Қарағанды облысы - Владислав Захаров, Алан Құрманғалиев, Эрик Райтер, Әмір Торғайбеков.

ШҚО мен Нұр-Сұлтан қаласының құрамалары бірінші орынды сарапқа салады.

Қыздар

Қола. Батыс Қазақстан облысы - Гулчехра Хусейнова, Гаухар Алмағамбетова, Аружан Бекіш, Әсем Нұрмұханбетова, Аружан Ильяс.

Қола. Қарағанды облысы - Зауреш Акашева, Александра Смирнова, Арай Ашкеева, Жанерке Көшкімбаева, Виктория Мочалкина.

Шымкент пен Нұр-Сұлтан қаласының құрама командалары финалда кездеседі.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда Павлодар қаласында үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Аталған ел біріншілігі 10 сәуірге дейін жалғасады.