Қазақстандық Андрей Голубев пен француз Фабрис Мартин Марракештегі теннис турнирінің жұптық сайысында екінші айналымға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Голубев пен Мартен өзінің алғашқы кездесуінде Т.Грикспор (Нидерланды)/Ботик ван де Зандшулпты (Нидерланды) 6:7, 7:6, 10:6 есебімен ұтты.

Айта кетейік, кездесу 1 сағат 56 минутқа созылды.