Арыс қаласында түркістандық «Яссы» мен алматылық «Хан-Тәңірі» арасында Қазақстан кубогының алдын-ала кезеңінің бірінші турының кездесуі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудің негізгі және қосымша уақыты тең аяқталды – 0:0.

Пенальти сериясында «Яссы» 2:1 есебімен ұтты. Енді олар келесі турда алматылықтардың тағы бір командасы – «Жас Қыранды» қабылдайды.

«Яссы» (Түркістан) – «Хан-Тәңірі» (Алматы) 0:0, пен. 2:1 (0:0, 0:0)