Қызылордада Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі аясында жергілікті «Қайсар» мен көкшетаулық «Оқжетпес» арасындағы кездесу аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қызылордалықтар қонақтардың қақпасына жауапсыз екі гол соқты. Кирилл Сидоренко мен Руслан Сахалбаев голдардың авторы атанды.

Келесі кезеңде «Қайсар» өз алаңында «Байқоңыр» - «Жас сұңқар» кездесуінің жеңімпазымен кездеседі.

«Қайсар» (Қызылорда) – «Оқжетпес» (Көкшетау) 2:0 (1:0)Голдар: 1:0 – Сидоренко (40), 2:0 – Сахалбаев (48)

Фото instagram.com/fckaysar_official