«FaZe Clan» ESL Pro League Season 15 турнирінің плей-офф кезеңінде «Gambit Esports» командасын жеңді. Матч 2:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финн «karrigan» Андерсеннің командасы ширек финалға жолдама алып, жартылай финалға шығу үшін «Natus Vincere» командасымен кездеседі.

Кездесу 8 сәуірде елорда уақытымен 23:00-де басталады.

«Gambit Esports» өз кезегінде чемпионаттағы ойынын аяқтады. Абай «HObbit» Хасеновтің командасы 9-12-орындарды иеленіп, 17,5 мың доллар сыйақыға ие болды.