DAZN қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен жапондық Риота Мурата арасындағы жекпе-жек аптасының кестесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz .

Ертең боксшылар баспасөз мәслихатын өткізеді - ол Нұр-Сұлтан уақытымен 11:00-де басталады.

Жұма күні, 8 сәуірде, салмақ өлшеу рәсімі өтеді.

Жекпе-жек сенбі, 9 сәуірде өтеді - бокс кешінің трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 15:10-да басталады.