Чемпиондар лигасында ширек финалдың екі матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лиссабонда «Бенфика» өз алаңында «Ливерпульді» қабылдады. Қонақтар қиындықсыз жеңіске жетті. Ибрахим Конате, Садио Мане және Луис Диас соққан голдарға алаң иелері Дарвин Нуньестің бір ғана дәл соққысымен жауап берді.

Манчестерде жергілікті «Сити» «Атлетикомен» кездесті. «Қалалықтар» минимал есеппен ұтты. Кездесу тағдырын Кевин Де Брюйне соғылған жалғыз гол шешті.

Қарымта кездесулер бір аптадан кейін, 13 сәуірде өтеді.

Чемпиондар лигасы. 1/4 финал Алғашқы матчтар

«Бенфика» – «Ливерпуль» – 1:3

Гол соққандар: Конате, 17 (0:1), Мане, 34 (0:2), Нуньес, 49 (1:2), Диас, 82 (1:3).

«Манчестер Сити» – «Атлетико» – 1:0

Гол: Де Брюйне, 70.