Куба боксшылары 1962 жылдан бері алғаш рет кәсіпқой деңгейде жекпе-жекке еркін шыға алады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, Куба ұлттық бокс федерациясы шоуды 20 мамырда Мексикада өткізетін Golden Ring Promotions компаниясымен келісімге келген.

Шоуға Токио Олимпиадасының чемпиондары Хулио Сезар Ла Круз, Арлен Лопес, Рониэль Иглесиас және Энди Круз қатысады деп күтілуде.