«Ақсу» футбол клубының қақпашысы Евгений Кучеренко қайырымдылық жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Украиналық футболшы павлодарлық тұрғынның үй жануарларына арналған емханадағы қарызын жауып берген.

«Ақсу» командасының футболшысы Евгений Кучаренкоға үлкен алғыс айтқымыз келеді. Евгений емхана алдындағы берешегімізді өтеп берді.

Евгений қамқорлығыңыз үшін рахмет. Өмірде де, футбол алаңында да жарқын жеңістер тілейміз» - деп жазылған емхананың инстаграмдағы парақшасында.

Қоса кетейік, «Ақсу» сапында 22 жастағы қақпашы осы маусымдағы үш ойынға да қатысты.