Таиландтың Пхукет қаласында бокстан халықаралық Thailand Open-2022 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Айбек Оралбай жартылай финалға шықты.

Жерлесіміз ширек финалда үндістандық Гаурав Чауханды төрешілер шеімімен жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін Аятулла Тәкіжанов (75 келіге дейін) пен Сағындық Тоғамбай (91 келіге дейін) жартылай финалға өткен еді.