Қазақстандық боксшы Аятолла Тәкіжанов Пхукеттегі Thailand Open-2022 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Рrosports.kz.

75 келіге дейінгі салмақта ширек финалда Тәкіжанов ринг қожайыны Борворн Кадамнуанмен жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы соңғы раундта қарсыласын нокдаунға түсіріп, кейін төрешілер шешімімен жеңіске жетті.