Пхукетте бокстан Thailand Open-2022 турнирі жалғасып жатыр, қазақстандық Тимур Нұрсейітов ширек финалда рингке шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

75 келіге дейінгі салмақта Нұрсейітов үндістандық боксшымен жұдырықтасқан. Былтыр әскерилер арасындағы әлем чемпионы атанған Тимур үндістандық қарсыласынан төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.