Бүгін Таиландтың Пхукет қаласында бокстан халықаралық Thailand Open-2022 турнирінде кезекті жекпе-жектер өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін, 5 сәуірде рингке еліміздің атынан жеті былғары қолғап шебері шығады. Олар жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

Турнирде 63 келіде Санатәли Төлтаев қытайлық Тайпей елінен Чу-Эн Лай қолғап түйістірсе, Сұлтан Мусинов вьетнамдық Ву Тан Датпен шаршы алаңға шығады.

Ал 69 келіде Асланбек Шымбергенов филиппиндік Маржон Пианармен кездессе, 75 келіде Тимур Нурсейітов үндістандық Сумитпен, Аятулла Тәкіжанов таиландтық Борворн Кадамнуан шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, 91 келіде Сағындык Тоғамбай вьетнамдық Нгуйен Ман Куон, Айбек Оралбай үндістандық Гаурав Чауханмен жартылай финал жолдамасына таласады.

Елорда уақытымен күндізгі сессия 12.00-де, кешкі сессия 15.00-де басталады.