Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы ұлыбританиялық Дэнни Дигнумды жеңіп, орта салмақта WBO тұжырымы бойынша «уақытша» әлем чемпионы болатынына сенімді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Оңай жұмыс! Оның осал тұстарын білеміз. Қазақ стилі – нөмірі бірінші», - деп жазды Әлімханұлы Твиттерде.

Еске салайық, Әлімханұлы – Дигнум жекпе-жегі 21 мамырда АҚШ-та өтеді.