Жеңіл салмақта әлемнің абсолютті чемпионы болған Теофимо Лопес қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы өтуі мүмкін үшінші жекпе-жек жайлы пікірін білдірді.

- Головкиннің алдағы жекпе-жекте қандай бабында екенін көруіміз қажет. Тек сонда ғана оның Альвареске қарсы үшінші айқастағы мүмкіндігі жайлы айта аламыз.

Шынына келсем, Головкин жылдамдығын жоғалтып алған секілді. Егер бұл рас болса, Головкин үшін өте ауыр тиеді, - деді ол.