Суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычконың (11-0, 11КО) алдағы жекпе-жегіндегі қарсыласы белгілі болды.

Иван Дычконың айқасы 16 сәуір күні Американың Мерфрисборо (Теннесси штаты) қаласында өтеді. Оппоненті – жергілікті спортшы Дэниэл Мартц (20-10-1, 17КО). Кездесу 10 раундқа есептелген.

Қазақстандық боксшы мұның алдындағы жекпе-жегін былтырғы 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өткізді. Ол бірінші раундта техникалық нокаутпен ресейлік бокс ардагері Александр Устиновті (36-6-1, 27КО) жеңді.