Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының (әлем чемпионаты) іріктеу сайысын жеңіспен бастады.

Қазақстандық жасөспірім қыздар бүгін D тобында Оңтүстік Корея командасымен шеберлік байқасты.

Алғашқы болып кортқа Асылжан Арыстанбекова шықты. Оның Ким Ё Юнмен кездесуі тартысты өрбіді. Бірінші партияда қазақстандық теннисші басымдылық танытты – 6:3.

Екіншісінде брейк жасаған кореялық спортшы есе қайырды – 6:4. Үшінші, шешуші сетте ол еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:0. Екінші ойында Айя Нұпбай Сон Ха Юнды оңай жеңді – 6:1, 6:2.

Матч тағдыры жұптық сында шешілді. Мұнда А.Нұпбай Карина Жұмаджановамен бірге бір сағатқа жуық уақыт ішінде Сон Ха Юн мен Ким Ё Юнның меселін қайырды – 6:4, 6:1.