Түркияда дзюдодан Grand Slam сериясындағы халықаралық турнир аяқталды, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы сапында Жансай Смағұлов үздік нәтижеге қол жеткізді.

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған спортшы үшінші орын үшін белдесті. Бұл сында оған молдовалық Петру Пеливан қарсылас атанды.

Бұл кездесуде Пеливан жеңіске жетті. Осылайша, Смағұлов турнирді бесінші орынмен аяқтады. Бұл салмақта грузиялық Георгий Терашвили топ жарды.