Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин жапониялық Риота Муратаға қарсы жекпе-жекке дайын екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жекпе-жек аптасы ресми түрде басталды. Дайынбыз», – деп жазды қазақстандық боксшы Инстаграмда.

Головкин – Мурата жекпе-жегі 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) өтеді.