«Реал Мадрид» Испания чемпионатының 30-туры аясында сырт алаңда «Сельтамен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында 2:1 есебімен «Реал» жеңіске жетті.

Қонақтар сапынан екі голды да Карим Бензема соқты. Оған алаң иелері Нолито соққан жалғыз голмен жауап берді.

«Реал» 30 матчтан кейін 69 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап келеді. Ал «Сельта» 36 ұпаймен 11-орында тұр.

Ла Лига. 30-тур.

«Сельта» – «Реал» – 1:2 (0:1)

Гол соққандар: Нолито 53 - Бензема 19, 69 (пенальти).