Мәскеудің ЦСКА клубы Санкт-Петербургтің СКА командасына қарсы ҚХЛ плей-офф кезеңінің жартылай финалдық сериясының бірінші ойынында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 3:1 (1:0, 0:1, 2:0) есебімен мәскеуліктердің жеңісімен аяқталды.

Жеңімпаздар сапында Максим Соркин, Александр Попов және Владислав Каменев шайбы соқты. СКА сапында Андрей Кузьменко мергендік танытты.