UFC орта салмақтағы Келвин Гастелум UFC 273 турнирінде сегізбұрышқа шықпайды, деп хабарлайды Prosports.kz Ufc.com сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, бастапқыда америкалық 10 сәуірге қараған түні Насрудин Имавовқа қарсы жекпе-жек өткізуі керек еді, виза мәселесіне байланысты жарысқа қатыса алмайды.

Қысқа мерзімде жекпе-жекке Дрикус Дю Плессис шығуға келіскен, бірақ қазір Гастелумның өзі жарақат алып қалды.