Сербияда өтіп жатқан халықаралық Београдски Победник турниріндегі Қазақстан құрамасы боксшыларының қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирде алтын жүлдеге Олжас Байниязов (54 келіге дейін), Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63,5-ке дейін) және Иляр Әшіров (75-ке дейін) таласады. Олар Сербия мен Марокко боксшыларымен кездеседі.

Финалға шыққан үш үміткерден бөлек, тоғыз қазақстандық қола жүлдесін иеленді

Қазақстандықтардың қатысуымен өтетін финал:

54 келіге дейін

Олжас Байниязов (Қазақстан) - Тамир Галанов (Сербия)

63,5 келіге дейін

Мұхамедсабыр Базарбайұлы (Қазақстан) - Әбделхақ Надир (Марокко)

75 келіге дейін

Иляр Әшіров (Қазақстан) - Йован Николич (Сербия)