Шаңғы қоссайысынан Қазақстан құрамасының өкілі Шыңғыс Ракпаров ұлттық құрама штатын тарату туралы шешімге пікірін білдірді.

«Шаңғы қоссайысынан ұлттық құрама штатын жасақтау мақсатсыз деген шешімді біздің спортшымыз алғаш Олимпиада ойындарында бақ сынағанда қабылау қызық екен. Республикада дамытуға барлық жағдай бар болғанның өзінде тау-шаңғы спорты енді болмайды», – деп жазды Сергей Райлян Facebook-парақшасында.

Ал Олимпиада қатысқан Шыңғыс Ракпаров Instagram-парақшасында Сергей Райлян жазбасын жариялап, «Расымен бе?» деп таңданысын жасырмады.