Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова келесі айқасының күні өзгергенін мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Айқастың өтетін күні 18 маусымға ауысты. Дайындық жүріп жатыр. Дүйсенбіге дейін менде демалыс, кішігірім каникул. Жаттығудан толықтай демала аламын. Дүйсенбіден бастап жаттығуға кірісемін», - деп жазды Аида Instagram-парақшасына.

Еске салайық, қазақстандық боксшы қыз кәсіби рингте сегіз жекпе-жек өткізіп, бес рет жеңіске жетті. Екі рет жеңіліс тауып, бір рет тең нәтиже көрсеткен.