27 жастағы футболшы Кирилл Сидоренко жаңа маусымда «Қайсардың» намысын қорғайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кирилл Беларусь жастар құрамасының ойыншысы ретінде белгілі.

Клубтық карьерасында Кирилл ресейлік «Амкар», Беларусьтік «Белшина», «Ислочь», «Витебск» секілді командаларда ойнаған. Өткен маусымды «Днепр Могилёвте» өткізіп, 17 ойында 19 гол соққан болатын.