Қазақстан құрамасы мен Astana Qazaqstan Team командасының шабандозы Алексей Луценко Испаниядағы оқу-жаттығу жиынында қалай жарақат алғаны белгілі болды.

Шабандоз қатты желдің кесірінен сол иығымен құлап, бірден жергілікті емханаға жеткізілді. Медициналық тексерістен соң оның бұғана және иық сүйектері сынғаны анықталды.