Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының финалдық сатысына жолдама алған 29 құрама анықталды.

Әлем чемпионатына тағы екі жолдамаға Солтүстік Америкадан Мексика мен АҚШ құрамалары қол жеткізді. Одан бұрын мұндай мүмкіндікке Канада құрамасы ие болған еді.

Еске салсақ, бұған дейін олардан басқа 26 құрама жолдама алып үлгерген еді. Олардың қатарында алаң иесі – Катар, Еуропа елдерінен – Германия, Дания, Франция, Бельгия, Хорватия, Испания, Сербия, Англия, Швейцария, Нидерланды, Португалия, Польша, Оңтүстік Америкадан – Бразилия, Аргентина, Уругвай, Эквадор, Азия мемлекеттерінен – Иран, Оңтүстік Корея, Жапония, Сауд Арабиясы, Африкадан Камерун, Марокко, Тунис, Гана, Сенегал құрамалары бар.