«Қайсар» футбол клубы жартылай қорғаушы Мағжан Бауыржанмен келісімшартқа қол қойды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы қызылордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

20 жастағы Мағжан Бауыржан «Қайсардың» түлегі. Былтығы маусымда ол «Байқоңыр» сапында Бірінші лигада 22 кездесуге қатысты.

«Қайсар» сапында жаңа маусымда Бауыржан 6 нөмірде өнер көрсетеді.