75 жастағы қазақстандық маман Айтпай Жамантаев Қазақстан қыздар құрамасының тізгінін қайта ұстады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.

Бұған дейін бұл қызметті болгар маманы Калоян Петков атқарған болатын.

Жамантаев бұған дейін әйелдер құрамасында 2004-2006 және 2017-2018 жылдары жұмыс істеген. Оған Қазақстан әйелдер құрамасының бұрынғы капитаны Бегайым Қырғызбаева көмектеседі.

Айта кетейік, 8 және 12 сәуірде Қазақстан қыздар құрамасы өз алаңында Словения және Уэльспен кездеседі.