Бүгін елордалық «Астана» баскетбол командасы ВТБ Біріккен лигасының тұрақты чемпионаты аясында сырт алаңда Краснодардың «Локомотив Кубань» клубына қарсы ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын Basket Hall аренасында 21:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясы pbcastana.kz сайты мен Qazsport телеарнасында қолжетімді болады.

«Локомотив Кубань» — 1946 жылы негізі қаланған, Краснодар қаласында орналасқан ресейлік кәсіпқой ерлер баскетбол клубы. ВТБ Біріккен лигасына қатысумен қатар, еурокубокта да өнер көрсетеді.

Командалардың алғашқы ойыны 15 ақпанда Нұр-Сұлтанда өтті, онда астаналық клуб 87:83 есебімен ұтты.