UFC жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін Гловер Тейшейра (33-7) мен Иржи Прохазка (28-3) UFC 275 турнирінде чемпиондық жекпе-жек өткізетінін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған кездесу кештің басты жекпе-жегі болады. Турнир 11 маусымда Сингапурда өтеді.

Айта кетейік, Тейшейра 2021 жылы 30 қазанда UFC 267 турнирінде польшалық Ян Блаховичті (28-9) екінші раундта жеңіп, чемпиондық атаққа қол жеткізген. Ал Прохазка UFC-де екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де нокаутпен жеңіске жетті.