Қазақстандық велошабандоз Махаббат Үмітжанова мен Ақпейіл Оссим Душанбеде өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әйелдер арасындағы топтық жарыста (111 шақырым) Вьетнам спортшысы Нгуен Тхи Тат (3:11:37) жеңімпаз атанды.

Екінші, үшінші орынды қазақстандық Махаббат Үмітжанова мен Ақпейіл Оссим өзара бөлісті.

1. Нгуен Тхи Тат (Вьетнам) – 3:11:37

2. Махаббат Үмітжанова (Қазақстан)

3. Ақпейіл Оссим (Қазақстан)

4. Светлана Пашенко (Қазақстан)

5. Ангела Соловьева (Қазақстан)

16. Бота Батырбекова (Қазақстан)

17. Рината Сұлтанова (Қазақстан)

23. Фаина Потапова (Қазақстан)

28. Абдрахманова Карина (Қазақстан).