MTK Global промоутері Ли Итон 15 сәуірде Лондонда өтетін қазақстандық Сұлтан Зәуірбек (12-0, 5 КО) пен мальталық Хайтем Лаамуз (17-1, 7 КО) арасындағы жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз Сұлтанға үлкен сынақ жасағымыз келеді және ол Хайтем Лаамузбен рингке шығуға арқылы сынаққа түседі. Бұл келесі айдағы бокс кешінің керемет жекпе-жектерінің бірі.

Сұлтан өзінің кейінгі жекпе-жектерінде өте әсерлі көрінді, бірақ Хайтем рингке жеңіске жету үшін шығып, оған қиындық туғызады, сондықтан біз оқиға қалай дамитынын көруге асығамыз», - деп келтіреді функционердің сөзін Boxingscene.com.

Сұлтан Зәуірбек WBO тұжырымы бойынша супер жеңіл салмақтағы Еуропа чемпионы атағын қорғайды.

Фото instagram.com/sultanzaurbek