Кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) Сан-Диегода (Калифорния, АҚШ) рингке оралуға дайындықты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы өзінің Инстаграм парақшасында екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес жаттығатын залдан видео жариялады.

30 жастағы қазақстандық Альвареске спарринг-серіктес ретінде ресейлік Дмитрий Биволға қарсы жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке жаттығуға көмектесіп жатыр. Айдостың өзі WBA тұжырымы бойынша тұрақты әлем чемпионы атағы үшін кубалық Дэвид Моррелмен (6-0, 5 КО) жұдырықтасуға дайындалып жатыр.

Фото instagram.com/suleimen_promotions_official